ҮШҚАЙЫҚТА ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

✔️Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Үшқайық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, ауданның 2025 жылдың 9 айындағы даму қорытындыларымен бөлісті.

✔️Жиында аудан басшысы өңірде атқарылған жұмыстардың негізгі бағыттарына тоқталып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым мен әлеуметтік саладағы оң өзгерістерді атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді тыңдап, шешу жолдары бойынша нақты ұсыныстар берді.

«Ауыл халқының тұрмысын жақсарту — біздің басты міндетіміз. Әр кездесудің мақсаты — халықтың пікірін естіп, мәселені бірлесе шешу», — деді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров.

✔️Кездесуде Үшқайық ауылдық округінің әкімі Болат Сенбеков те сөз алып, 2025 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша есеп берді. Ол ауылда жүзеге асқан жобалар, инженерлік инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығындағы жұмыстар жөнінде баяндап өтті. Тұрғындар жол, су және әлеуметтік нысандардың жұмысына қатысты ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әкімдер мен жауапты бөлім басшылары барлық сұрақтарға түсініктеме беріп, көтерілген мәселелерді бақылауға алатынын айтты.

©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *