ШАҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӘКІМДЕРДІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

✔️Бүгін Шаға ауылдық округінде аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен халықпен есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге ауылдық округ әкімі Ырысқали Жұманов, аудандық бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау және коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

✔️Жиынды аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ашып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елдің барлық деңгейдегі әкімдері халық алдында есеп беруі – атқарушы биліктің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі екенін атап өтті.

✔️Аудан әкімі өз сөзінде Сауран ауданының 2025 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, жол жөндеу, абаттандыру және әлеуметтік саладағы жұмыстар жөнінде кеңінен баяндады. Сонымен қатар, алдағы кезеңде атқарылатын негізгі міндеттер мен жоспарлармен бөлісті.

✔️ Шаға ауылдық округінің әкімі Ырысқали Жұманов округтің 2025 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша есебін ұсынды. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ауылдың өзекті мәселелері — жол, ауызсу, жайылым мен инфрақұрылым жағдайы туралы сұрақтар қойылып, нақты ұсыныстар айтылды. Әкімдер мен жауапты сала басшылары әрбір сұраққа түсініктеме беріп, көтерілген мәселелер бақылауға алынатынын жеткізді.

©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *