✔️Сауран ауданының Жаңа Иқан ауылдық округінде аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың және ауылдық округ әкімі Тахир Абдаевтың халық алдындағы есеп беру кездесуі өтті.
✔️Кездесуге аудандық дербес бөлімдердің басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, денсаулық сақтау, білім және коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің жетекшілері, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
✔️Алдымен аудан әкімі Мақсат Таңғатаров 2025 жылдың 9 айындағы Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша өз есебін ұсынып, аудан көлемінде жүзеге асқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Аудан әкімі өз сөзінде:
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Әкімдердің халық алдындағы есеп беру кездесулері — биліктің халыққа жақын болуын қамтамасыз ететін маңызды институт». Сондықтан әрбір ұсыныс пен сын-ескертпе нақты іс-шаралар жоспарына енгізіліп, орындалуы тиіс, — деді.
✔️Келесі кезекте Жаңа Иқан ауылдық округінің әкімі Тахир Абдаев 2025 жылдың 9 айындағы ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша өз есебін баяндады. Әкім ауылдағы әлеуметтік нысандардың жағдайы, инженерлік инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
✔️Кездесу барысында тұрғындар өз ұсыныстары мен өтініштерін білдіріп, ауылдағы өзекті мәселелерді көтерді. Тиісті бөлім басшылары мен мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктелді. Жиын соңында аудан әкімі тұрғындардың белсенділігі мен елді дамытуға бағытталған пікірлері үшін алғысын білдіріп, барлық айтылған мәселелер бақылауға алынатынын атап өтті.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі





