ЕСКІ ИҚАНДА ӘКІМДЕР ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

✔️Ескі Иқан ауылдық округінде аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен ауылдық округ әкімі Дилшод Саитовтың тұрғындармен есепті кездесуі өтті. Кездесуге аудандық бөлім басшылары, құқық қорғау және коммуналдық сала өкілдері, медицина және білім беру мекемелерінің жетекшілері, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

✔️Жиында алдымен аудан әкімі Мақсат Таңғатаров сөз алып, 2025 жылдың 9 айындағы Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін баяндады.
Мақсат Асылбекұлы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халықпен ашық диалог орнату жөніндегі тапсырмасына назар аударып, есепті кездесулердің билік пен қоғам арасындағы сенімді арттырудағы маңызын атап өтті. Сондай-ақ тұрғындар көтерген әрбір мәселе мен ұсыныстың ескерусіз қалмайтынын айтты.

✔️Келесі сөз кезегі округ басшысы Дилшод Саитовқа берілді. Ескі Иқан ауылдық округінде әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Елді мекенде ауыз су жүйесін жаңарту жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда 42 шақырым су құбыры тартылған. Сонымен қатар, екінші кезең бойынша да ауыз су желісін жүргізу жұмыстары жалғасуда.

✔️Электр желілерін толықтай жаңарту және ескі бағаналарды ауыстыруға арналған жобалық құжаттар дайындалған. Табиғи газбен қамтылмаған тұрғын үйлерді қосу мақсатында тиісті жобалар әзірленіп жатыр.

✔️Кездесуде тұрғындар өз ой-пікірін білдіріп, ауылды көркейту мен өмір сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар айтты. Жиын соңында аудан әкімі барлық сұрақтар мен ұсыныстардың назарға алынатынын, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берілгенін жеткізді.

©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *