АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ БОЙЫНША 2025 ЖЫЛДЫҢ                  7 АЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖӘНЕ АЛДАҒЫ УАҚЫТТА АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 307,1 мың гектарды құрайды. Оның ішінде:

суармалы – 56 613 га;

шабындық – 3 257 га;

жайылымдық жер – 250 526га.

Ауданда 4662 жеке кәсіпкер, шаруа қожалықтары мен заңды тұлғалар бар.

Заңды тұлға – 114; 

Шаруа қожалықтар – 4250;

Жеке кәсіпкерлер – 298.

2025 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің тапсырмасы   102,0 млрд.тг бекітіліп, 7 айдың қорытындысымен 18,0 млрд.тг өнімі өндіріліп, НҚИ – 112,7% құрады.  

Оның ішінде:   мал шаруашылығы өнімі –  10,3 млрд.тг (114,1%)

                         — өсімдік шаруашылығы өнімі – 0,7 млрд.тг (97,2%).

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін           43 200 гектарға орналастыру жоспарланып, 45 493 гектарға егін егіліп, толығымен игерілді. (105,3%)

Дақыл түріЖоспар (га)Нақты (га)Айырмасы (+/-) 
1Жаңа жоңышқа47904435,5-354,592,5
2Картоп319535,4216,4167,8
3Бақша6297,76185,1-112,698,2
4Жаздық бидай1601600100
5Дәндік жүгері2932,92383,9-54981,2
6Майлы дақылдар250539,5289,5215,8
7Cүрлем жүгері9601603,9643,9167,0
8Көкөніс23312594,2263,2111,2
9Мақта1060911975,61366,6112,8
10Күздік бидай33474169822124,5
11Ескі Жоңышқа11203,410911-292,497,3
Барлығы:43200454932293105,3

2024 жылдың 1 шілдедегі  жағдай бойынша: мал саны 441 493 бас, құс саны  182 642 басты құрады.

Ауыл шаруашылығы жануарларының атауыСауран ауданы
01.01.2025 жыл01.07.2025 жыл*/-%
1Ірі қара мал71 13572 1901 055101,4
2Қой380 506321 082-59 42484,3
3Ешкі13 96118 5964 635133,1
4Жылқы18 64425 4146 770136,3
5Түйе3 7754 211436111,5
6Құстар147 693182 64234 949123,6
БАРЛЫҒЫ:635 714624 135-11 57998,17

2025 жылғы қаңтар-маусымдағы мал шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерінің өндірісі бойынша ет – 4715 тн, сүт – 13 784 тн, тауықтардан алынған жұмыртқа – 7 млн.830 мың дананы құрады.

Өнімдердің аталуыБарлығыОның ішінде:
Шаруа қожалықтарҮй іргелікЗаңды тұлға
1Ет өндіру4 715580,82 381,51 752,6
2Сүт өндіру13 784244,312 143,41396,7
3Жұмыртқа өндіру7 8305118,82712 

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылатын инвестиция көлемі  17 000 млн.теңге жоспар бекітіліп, 6 айдың қорытындысы бойынша –   6,6 млрд.тг болып, 38,8 % құрады.

Ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңалау мақсатында 136 бірлік техника сатып алу жоспарланып, бүгінгі күнге 75 жаңа техника сатып алынып, орындалуы 55,1 %-ды құрады.

Ауыл округі атауыЖоспарБүгінгі таңға алынған техника саны%Жалпы құны (млн.тг)
1Бабайқорған1066077,11
2Жүйнек12119297,23
3Иассы99100356,7
4Қарашық131520,81
5Майдантал1033040,51
6Жаңа Иқан1442861,71
7Ескі Иқан151280274,9
8Оранғай1022020,81
9Шаға1132724,15
10Шорнақ1212100146,38
11Үшқайық10990128,78
12Жібек жолы1022025,36
БАРЛЫҒЫ:1367555,11 274,45

Су үнемдеу технологияларын 2677 гектар ендіру бойынша тапсырма берілген. Оның ішінде: Тамшылатып суару: 2149 га,

   Жаңбырлатып суару: 528 га.

Қазіргі таңда ауданда 3150 гектар жерге су үнемдеу технологиясы орнатылып, 117,6% құрап   отыр.

Оның ішінде:

  • Тамшылатып суару1070 га.
  • Жаңбырлатып суару – 2080 га.

ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ НЫСАНДАР

Ауданда 9 -су қойма, 113 -каналдар мен арықтар және 376 дана тік дренажды ұңғымалар бар.

9 су қойма арқылы – 10 712 га, 113 — каналдар мен арықтар арқылы – 37 524 га және 376 — дана тік дренажды ұңғымалар арқылы – 3506 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер суғарылады.

А\о атауыСу қойма атауыЕгістік жерді ағын сумен қамту көлемі, гаМеншік иесі
1  Бабайқорған«Сасықбұлақ»900,0  Қазсушар РМК  
2«Ақтөбе»1000,0
3«Серт»530,0
4Майдантал«Майдантал»900,0Тұран су МКК
5  Оранғай«Қосқорған»4800,0Тұран су МКК
6«Кеңсай-Қосқорған-2»400,0құрылыс басқармасы
7Үшқайық«Кіші Қарашық»250,0Тұран су МКК
8Жаңа Иқан«Шылбыр»750,0Жеке меншік                        (YSD-Агро)
9«Ойық»Ағын суды жинау мүмкіндігі жоқЖаңа Иқан а\о

Ағымдағы жылы құрғақшылық болуына байланысты, «Бөген» су қоймасынан босатылатын ағын су көлемі Шілде айының ІІ онкүндігіне дейін ғана жететіндігі анықталды. Алайда, Сауран ауданы бойынша Тамыз айының ІІІ онкүндігіне дейін суаруды қажет ететін ауыл шаруашылығы дақылдары бар. Атап айтқанда:

1. Мақта – 10 163 га.

                 2. Дәндік жүгері – 2143,5 га.

                 3. Сүрлемдік жүгері – 826 гектар.

Барлығы – 13 132 гектар.

Аудан бойынша барлық егіс көлемі 45 493 га құрайды, яғни 13 132 га 28,8%-ы судың жетіспеу қауіпі бар.

Ауылдық округ атауыДәндік жүгеріМақтаСүрлемдік жүгеріЖалпы егіс көлемі, га
1Шорнақ24044860748
2Ескі Иқан939,2633331,067303,26
3Жаңа Иқан15042550625
4Жүйнек7541035520
5Қарашық8413741001558
6Ораңғай313,3160100573,3
7Үшқайық142210352
8Шаға2008034501453
БАРЛЫҒЫ2143,510163826,0613132,56

Осы қауіптің алдын-алу үшін қазіргі таңда Қарашық, Шаға ауылдық округтерінен қосымша тік дренажды ұңғымалары қазылып, Ескі Иқан ауылдық округінен ПУИТ-2 бағдарламасымен қазылған 72 тік дренажды ұңғыма іске қосылды. Аталған шаралардың нәтижесінде ағын су тапшылығының мәселесі шешілетін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *