✔️Бүгін аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары қатысты. Мәжілістің күн тәртібіне үш негізгі мәселе енгізілді.
✔️Алғашқы болып аудан аумағындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы мәселе қаралды. Бұл бағытта Ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Қалеке Марат баяндама жасап, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, әлеуметтік жағдай және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының барысы жөнінде мәлімет берді.
✔️Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының орындалуы бойынша атқарылған жұмыстарға арналды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қанағат Асылбек аудан көлемінде жүргізілген тазалық, абаттандыру және экологиялық іс-шаралардың нәтижелері туралы баяндады.
✔️Сонымен қатар, мәжілісте жаңа жыл мерекесіне орай аудан көлемінде өткізілетін іс-шаралар жоспары қаралды. Бұл туралы Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жұмабекова Жанар ақпарат беріп, мерекелік бағдарламалар мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларына тоқталды.
✔️Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауды тапсырды.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі