ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

Түркістан облысының Төлеби ауданы әкімдігінде кадрлық өзгеріс орын алды. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан активінің жиналысында өзінің жаңа орынбасарын таныстырды.

Аталған лауазымға Ғалымжан Қолдасбекұлы Төлегенов тағайындалып, ол бұл қызметті уақытша негізде атқаратын болады. Жаңа орынбасар ауданның құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына жетекшілік етеді.

Ғалымжан Қолдасбекұлы 1984 жылы Төлеби ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді маман. Ол М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты және Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті оқу орындарын тәмамдаған. Мамандығы – тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру, құқықтану және құрылыс.

Еңбек жолын 2007 жылы Шымкент қаласындағы «Шымкент Рем Сервис» ЖШС-де бастаған. Кейін Төлеби аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде, сондай-ақ облыстық деңгейдегі бірқатар басқармаларда түрлі жауапты қызметтер атқарды. 2018–2022 жылдары Түркістан облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды. Соңғы уақытта «Нұрқанатстрой» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарған.

Жиын барысында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов жаңа орынбасарға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инфрақұрылым саласындағы нақты міндеттер жүктеп, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Жаңа тағайындау өңірдегі құрылыс және инфрақұрылым салаларын дамытуға тың серпін береді деп күтілуде.
Лаззат Асанова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *