Қазақстанда жасанды интеллект шекарадағы кезекті реттейді, табиғи апаттарды бақылайды, бизнес-процестерді басқарады, басқа да қызметпен айналысады.
Елімізде биыл жасанды зерде (ЖЗ) мамандарын даярлау басталмақ.
Ол University Alliance of Science and Technology жоғарғы оқу орындарының альянсы әзірлеген “Жасанды интеллект” атты жаңа бакалавриатта білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асады деп жоспарланған. Сол арқылы алдағы үш жылда алғашқы ЖЗ бакалаврлары даярланып шығуға тиіс.
Бағдарлама Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің жоғарғы және жоғарғыдан кейінгі білім беру ұйымдарына арналған 2024 жылғы Жол картасына енді. Құжатты қазақстандық және халықаралық сарапшылар бірлесе әзірлеген екен.