САУРАНДА СЕНБІЛІК БАРЫСЫНДА 90 ШАҚЫРЫМ АУМАҚ ТАЗАЛАНДЫ

Сауран ауданында «Жол жиегі – Ел келбеті» акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына 1200 адам қатысып, жұмыстарды жүргізуге 25 арнайы техника жұмылдырылды. Негізгі мақсат – аудан аумағындағы жол жиектерінің санитарлық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету.

АЛТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сенбілік Шорнақ, Бабайқорған, Ескі Иқан, Шаға, Оранғай және Иассы ауылдық округтері арасындағы жол бойларын қамтыды. Тазалық жұмыстарына қатысушылар жол жиектеріндегі қоқыстарды жинап, аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазартты.

Жиналған қоқыстар арнайы техникалардың көмегімен белгіленген орындарға шығарылды. Жұмыстарға тұрғындардың белсенді қатысуы елді мекендер арасындағы жолдардың тазалығын сақтауға және ортақ іске үлес қосуға мүмкіндік берді.

90 ШАҚЫРЫМ АУМАҚ ТАЗАРТЫЛДЫ

Сенбілік қорытындысы бойынша жалпы ұзындығы 90 шақырым аумақ тазаланып, 20 тонна қоқыс шығарылды. Бұл жұмыстар аудан аумағындағы жол бойларын ретке келтіріп, айналаның көркін жақсартуға бағытталды.

Жол жиектерінің таза болуы елді мекендердің сыртқы келбетіне ғана емес, тұрғындар мен жол қозғалысына қатысушылар үшін де маңызды. Сондықтан мұндай тазалық шараларын жүйелі түрде өткізу қоршаған ортаны қорғауға және санитарлық талаптардың сақталуына ықпал етеді.

ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

«Жол жиегі – Ел келбеті» акциясы тұрғындарды табиғатты аялауға, қоғамдық орындар мен жол бойларын таза ұстауға үндейді. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау тек арнайы қызметтердің жұмысына емес, әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты.

Осыған орай аудан тұрғындарын қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауға, тұрмыстық қалдықтарды тиісті орындарға шығаруға және елді мекендердің тазалығын сақтауға шақырамыз.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *