Кентау қаласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, олардың тұрғындар үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету және қызмет көрсету барысындағы талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында қоғамдық бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Кезекті бақылау шарасы қалаға қарасты Ащысай ауылында өтті.
Іс-шараға Кентау қаласы әкімі аппаратының әкімшілік және ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің мамандары қатысып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және азаматтарға жасалған жағдайларға назар аударды.
Қызмет көрсету сапасы назарда
Қоғамдық бақылау барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлардың жасалуы, қызмет алушыларды қабылдау жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылуы және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының болуы тексерілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету орындарының азаматтар үшін қолжетімділігі мен өтініш берушілерге жасалған жағдайлар қаралды. Мұндай бақылау жұмыстары тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алуына және қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.
Азаматтарға қолайлы жағдай жасау маңызды
Бақылау кезінде мамандар мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердің қызметкерлеріне өтініштерді қарау барысында азаматтарды әуре-сарсаңға салмау, олардың сұраныстарына мұқият назар аудару және қызмет көрсету процесін барынша ыңғайлы ұйымдастыру қажеттігін түсіндірді.
Сондай-ақ қызмет алушылармен қарым-қатынаста клиентке бағдарлану қағидасын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді. Бұл қағида азаматтардың қажеттіліктерін ескеріп, оларға сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетуге негізделеді.
Алдағы уақытта Кентау қаласы мен оған қарасты елді мекендердегі мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерде қоғамдық бақылау жұмыстары тұрақты түрде жалғасады. Негізгі мақсат – мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі