ЖАС МАМАНДАР ӨҢІРЛІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕВКЕ АЛЫНДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, республика аумағында өңірлік кадрлық резервке іріктеу жүргізілді. Жас менеджерлер пулын қалыптастыруға және мемлекеттік қызметке дарынды жастарды тартуға бағытталған сайысқа 600-ден астам адам құжат тапсырып, іріктеуден өтті.
Құрылымдық сұхбатқа өңірлік кадр комиссиясының төрағасы, облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысты. Сұхбатқа қатысқан кандидаттар таңдаған салалық бағытына сәйкес дайындаған жобаларын таныстырды. Жобаның мақсатын, мазмұнын, күтілетін нәтижесін, экономикалық-әлеуметтік тиімділігін айтып, қорғады. Іріктеудің барлық сатысынан сүрінбей өткен 50-ден астам үміткердің ішінен үздік деп танылған 30 жас өңірлік резерв құрамына қабылданды.
Төлеби ауданы әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы Дәулет Жұмәлі мен аудан әкімі аппараты заң бөлімінің бас инспекторы Акылбеков Қайсар өңірлік кадрлық резевке іріктеудің барлық кезеңінен өтіп, резерв құрамына алынды.
Талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар мен жас басқарушылардың тобын қалыптастыруға арналған іріктеуден өткен аудан әкімі аппаратының мамандары білімі мен біліктілігімен елге қызмет ете береді деп сенім білдіреміз.

About The Author

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *