Кеше, Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Президент “Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм” тақырыбындағы Жолдауында Парламенттің екінші сессиясында қоғамдық бақылау, адам саудасына қарсы күрес, ғылым және технология саясаты, жылу энергетикасы, басқа да мәселелерді реттейтін жалпы 102 заң қабылданғанын айтты.
Сондай-ақ, халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынғанын айтып, бұл бағытта жүзеге асатын жобалар барысына тоқтала кетті.
Жолдауда айтылған әрбір тарау бойынша аудан аумағында атқарылатын жұмыстарды саралап, түсіндіру мақсатында аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшыларының қатысуымен жиын өтті.
Аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуін қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру секілді маңызды міндеттер тұрғанын айтып, атқарылар ауқымды жұмысқа белсенді ат салысуға шақырып, нақты тапсырмалар жүктеп, жұмысты жандандыруды тапсырды.
Новости Казахстана