КӨКСӘЙЕК ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Аудандағы қоғам белсенділері С.Мамбетқұлов, А.Таширов Көксәйек елді мекені тұрғындарымен кездесіп, алдағы саяси науқан бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында С.Мамбетқұлов энергия тапшылығын азайтуда атом электр станциясының маңыздылығы, артықшылықтары, экономикалық пайдасы туралы айтып өтті. Сонымен қатар қазіргі уақытта қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70% қамтамасыз ететін көмір электр станцияларына аса тәуелді екендігін жеткізді.
Келесі болып сөз алған А.Таширов атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді және болашақта электр тапшылығын шешудің бір ден бір жолы екендігін айтып өтті.
Кездесуде елді мекен тұрғындары толғандырған сауалдарын қойып, атом электр станциясының болашағына қатысты өз ойларын білдіріп, Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан АЭС салу бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.

About The Author

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *