«ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ» МЕКЕМЕСІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН АЭС САЛУ БОЙЫНША ТАЛҚЫЛАУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Кездесу барысында 2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы түсіндіріліп, еліміздің экономикалық даму жоспары мен энергетика саласындағы өзгерістер және АЭС салу құрылысы жобасының стратегиялық маңызы түсіндірілді.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ауданның қоғам белсенділері атап айтқанда, аудандық мәслихат депутаты Д.Омаров және физик-сарапшы маман С.Юнусовтың қатысуымен «Ветеринариялық қызмет» мекемесінің ұжымымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында аудандық мәслихат депутаты Д.Омаров бүгінде еліміз жан-жақты дамып, түрлі салада тың бастамалардың іске асырылып, зауыттар, фабрикалар, кәсіпорындар мен өндіріс аймақтарының көптеп құрылып жатқанын жеткізді. Тиісінше мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздар саны азайып, кедейлік шегінде өмір сүріп жатқандардың тұрмысы түзеліп жатқанын, алайда, қазір әлем халқы болашақта орын алуы ықтимал энергия тапшылығына алаңдаулы екендігін, осы проблеманың алдын алудың ең тиімді жолы атом электр станцияларын салу болып отырғанын айтып өтті.

Келесі болып сөз кезегін алған физик-сарапшы маман С.Юнусов өз сөзінде осыған дейін АЭС-тер әлемнің алпауыт, экономикасы қарыштап дамыған елдерінде салынса, бүгінгі таңда тағы да отыздан аса ел шешім қабылдап, тиісті жұмыстарды бастап кеткенін, себебі, мұндай станция кез келген елді келешектегі энергетика тапшылығынан құтқаратынын түсіндірді.

Кездесу соңында ұжым қызметкерлері тақырыпқа қатысты сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

About The Author

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *