АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫН ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Елімізде АЭС құрылысын салу бойынша Бірінші Мамыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.
Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары Х.Нышанбаев, Ж.Мауленов, №2 Ш.Уалиханов ЖОМ-нің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Амангельдиев қатысып, АЭС салудың артықшылықтары мен ықтимал қауіптері, энергетикалық тәуелсіздік және қоршаған ортаға әсері сияқты маңызды мәселелер талқыланды.
Тұрғындар өз пікірлерін ортаға салып, бұл жобаның елдің болашағына әсерін жан-жақты қарастырды. Осындай талқылаулардың нәтижесінде қатысушылар АЭС салу туралы шешімнің ел үшін қаншалықты маңызды екенін түсініп, өз көзқарастарын білдірді.
Кездесуде №2 Ш.Уалиханов ЖОМ-нің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Амангельдиев: атом станциялары түтін газдары немесе мұнай өнімдері сияқты зиянды заттарды шығармайтынын, атом электр станцияларының радиациялық әсерінің үлесі өте аз және әлемнің әртүрлі елдеріндегі атом станцияларының жұмыс тәжірибесі олардың адам мен табиғат үшін қауіпсіздігін дәлелдейтінін атап өтті.
Сондай-ақ, тұрғындармен радиациялық қауіптер және олардың денсаулық пен қоршаған ортаға әсері сияқты маңызды мәселелер талқыланып, республикалық референдум қарсаңында осы тарихи оқиғаның маңыздылығы мен АЭС құрылысын атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы жеткізіліп, кездесу белсенді әрі мазмұнды пікір алмасулармен аяқталды.

About The Author

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *