Кентау қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оған жол беретін тәуекелдерді анықтау және оларды жою бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге арналған комиссия отырысы өтті. Жиынға қала әкімі Жандос Тасов төрағалық етті.
Отырыс барысында қала әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар, бұл бағыттағы шаралардың тиімділігін арттыру және жауапты мекемелердің жұмысын жүйелеу мәселелеріне назар аударылды.
Жауапты бөлімдердің жұмысы тыңдалды
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғалымжан Андосов баяндама жасады. Ол бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды жою мақсатында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді.
Бұдан кейін «Қалалық мансап орталығы» КММ директоры Нүркен Бекбаев орталықта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан шараларға тоқталды.
Сондай-ақ қалалық білім бөлімінің басшысы Әділ Әуелбеков білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қолға алынған жұмыстарды баяндады. Ал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жалғасбек Жақаев өз саласы бойынша атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат ұсынды.
Алдын алу шаралары күшейтіледі
Жиында көтерілген мәселелерді қорытындылай келе, қала әкімі жауапты бөлімдерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, анықталған тәуекелдерді жоюға бағытталған тиісті шараларды жүйелі түрде жүргізіп, бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижелілігін арттыру қажеттігі атап өтілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын тұрақты жүргізу мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге және тұрғындардың сенімін нығайтуға ықпал етеді. Осыған байланысты жауапты мекемелерге жүктелген міндеттердің орындалуы маңызды.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі