КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру іс-шаралар жоспарының орындалуын талқылау мақсатында комиссия отырысы өтті.
Басқосуға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Лесбек Серікбаев төрағалық етіп, бұл құжат сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді жұмыс жүргізуге, қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Жиын күнтәртібіне сай, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев, Жоғарғы Ақсу ауылдық округінің әкімі Омархан Усетаев баяндама жасады.
Баяндамашылар 2024 жылдың 11 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, алдын-алу бағытында атқарылған жұмыстармен таныстырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 2 ақпандағы жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын бекітті. Құжатта ағымдағы жағдайға талдау жасалып, алдағы жылдарда шешілетін міндеттер айқындалған. Аталған бағыттағы жұмыстар жыл көлемінде жалғасын табады.
Комиссия отырысы негізінде хаттама түзіліп, сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

About The Author

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *