ЖИЫН КҮН ТӘРТІБІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ


Жер — халықтың байлығы, сондықтан тиімді пайдаланылуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен пайдаланылмай жатқан және мақсатсыз пайдаланылып отырған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда. Президент тапсырмасына орай, еліміздің әр өңірінде жер комиссиясы құрылып, аталған мәселе бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Төлеби ауданы әкімдігінің конференц залында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Лесбек Серікбаевтың төрағалығымен аудандағы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау бағытында жиын өтті. Кездесуде қала, ауылдық округтегі сала мамандарымен бірге осы бағыттағы атқарылған жұмыстар барысы талқыланды.
Сондай-ақ, елді мекен шекараларын өзгерту мен кеңейту мәселесі қаралып, қала, ауылдық округ әкімдері ұсыныстарын жеткізді. Елді мекен шекарасын өзгерту мен кеңейту ауыл тұрғындарының әлеуметтік тұрмыстық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді. Сондықтан, елді мекен шекараларын өзгерту мен кеңейту мәселесі бағытындағы жұмыстарға мұқият болу қажеттігін ескерткен Лесбек Әуезханұлы сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.
Күзгі әскери шақыру науқанына қатысты жұмысты ширатуды тапсырған Лесбек Серікбаев көрсетілген меже толық орындалу қажеттігін ескертті. Мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз ету жұмыстары талапқа сай жүргізілуі керек.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

About The Author

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *