Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, аудан әкімдігінің «Ашық кеңсе» ғимаратында жеке қабылдау өткізіп, елді мекендердегі өзекті шешімін күткен мәселелермен танысу мақсатында тұрғындармен кездесуде.
🔹Бүгін, жеке қабылдауға келіп, қаладағы «Тәй-тәй» бала-бақшасының жұмысына наразылығын білдірген Әйгерім Әуелбекованың шағымы негізінде мектепке дейінгі мекеме жұмысымен танысты. Сондай-ақ, қала тұрғыны Ләззат Асанованың Алатау мөлтек ауданына жол төсеу ісіне қатысты шағымы бойынша арнайы барып, мердігер мекеменің жұмысына көңіл бөлді.
🔹Балабақшаға арнайы барған аудан әкімі аразданушы мен мекеме басшысымен ашық пікір алмасып, жүздесіп, өтініштерін тыңдады. Кездесуде аудан басшысы туындаған мәселені шешу жолдары қарастырып, өзара ынтымаққа шақырды. Алатау мөлтек ауданына асфальт жол құрылысын жүргізіп отырған мердігерге құрылысты сапалы әрі көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырды.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Новости Казахстана