🔹Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов жұмыс кестесіне сәйкес, аудандағы қала, ауылдық округті аралап ондағы шешімін күткен өзекті мәселелермен танысып, халықпен кездесуде.
🔹Аудан басшысының кезекті іс-сапары Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде өтті.
🔹Округ аумағында «Jasyl quat» ЖШС –і өз қаражаты есебінен су электр станциясының құрылысын жүргізуде. Станцияның қуаттылығы сағатына – 2 МВТ. Аталған нысан 2025 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Инвестициялық жоба жүзеге асқан жағдайда тұрғындар үшін тұтынатын электр жарығының бағасы «Оңтүстік жарық транзит» мекемесі ұсынып отырған тарифтен төмен болмақ. Сондай-ақ, станцияда 10 бірлік жұмыс орны ашылып, ауыл тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Аудан басшысы кәсіпкермен тілдесіп, туындаған мәселелермен танысты.
🔹Сарқырама елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, пікір алмасты.
🔹Мәдени елді мекенінің кіре берісіндегі көпірді жөндеу жұмысымен танысты. Мердігер мекеме СК “ДАР” ЖШС-і. Көпір ұзындығы 21.10 метр.
🔹Аудан әкімі Мәдени елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, оларды толғандырған сұрақтарына жауап берді. Ауылдық округтегі екі елді мекен тұрғындары баспана құрылысын жүргізу үшін жер телімін бөлуді, елді мекеннің бас жоспарына өзгеріс енгізу сұранды. Ауылды ағын сумен қамту мақсатында каналдарды жөндеп, балабақша ғимаратын кеңейтуді өтінді. Аудан басшысы көтерілген мәселелердің шешу жолдары қарастырылатынын айтып, сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Новости Казахстана