2024 жылы «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 5958 азаматты қамту жоспарланып, 01 желтоқсан айына 5710 азамат (96%) жұмыспен қамту шараларына тартылды.
Жастар практикасына оқу орнын бітірген жұмыссыз 480 азаматты жолдау жоспарланып, 358 азамат (74,6%) жолданды.
Қоғамдық жұмыстарға жұмыссыз 700 азаматты жолдау жоспарланып, 754 азамат (108%) жолданды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыз 250 азаматты жолдау жоспарланып, 250 азамат (100%) жолданды.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыстарға жұмыссыз 100 азаматты жолдау жоспарланып, 104 азамат (104%) жолданды.
«Күміс жас» жобасы бойынша жұмыстарға жұмыссыз 130 азаматты жолдау жоспарланып, 143 азамат (110%) жолданды.
93 азаматқа 400 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік грантты беру жоспарланып, 93 азамат грант иегері атанды (100%).
Тұрақты жұмыс орындарына жұмыссыз 2027 азаматты жолдау жоспарланып, 2094 азамат (103,3%) жолданды.
Мемлекет басшысының жыл сайын «әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бойынша берілген тапсырмасына сәйкес, ауданда 1250 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 1312 (105%) жаңа жұмыс орындары ашылды.
Ұлттық жобалар мен тұжырымдамалар аясында белгіленген 34 жобадағы ашылған жаңа жұмыс орындарына жұмыссыз 129 азаматты жолдау жоспарланып, 133 азамат (103,1%) жолданды.