Ұстаз балаға түрлі істерді салыстырып, сынатып үйретуге міндетті. Бала салыстырып, сынап үйренсе, алдағы өмірінде дұрыс пен терісті, ізгі мен жауызды, ақ пен қараны дұрыс, жеңіл айыратын болады.
Мағжан Жұмабаев.Ұстаз балаға түрлі істерді салыстырып, сынатып үйретуге міндетті. Бала салыстырып, сынап үйренсе, алдағы өмірінде дұрыс пен терісті, ізгі мен жауызды, ақ пен қараны дұрыс, жеңіл айыратын болады.
Мағжан Жұмабаев.
Әрбір мұғалімнің басты міндеті ол баланы шынайы өмірге дайындау. Қазіргі цифрлық технологияның дамыған заманында баланың өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру бағытындағы ақпараттардан, баланың миын улап, сан түрлі сезім жетегіне ілесуге дайындайтын контенттер көп. Олай болса, мұғалімге артылатын жүктің салмағы одан сайын арта түсуде. Қалай болғанда да, балалардың сана сезімін виртуалды өмірден ажырата отырып, шынайы өмірге деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыру жолында, сан түрлі тәсілдері мен әдістерін үйлестіре отырып, шеберлікпен алып шығуына тура келеді. Білім саласындағы атқарылатын іс шаралардың да жыл сайын өзгеріс себептері де осы бала тәрбиесі мен білім сапасын жақсарту жолында жасалып отыр. Менің осы білім саласындағы қарбалас қызметім 2015 жылы 1-ші деңгейлік курсын оқудан басталды десем де болады. Себебі, курс бізге қоғамдастық құра отырып, білгенімізді басқа мұғалімдермен бөлісе отырып, бала тәрбиесінде бірлескен зерттеулер жасау міндетін қойды. Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Роза Гайдаровнадан тәлім алған мен мектептегі мұғалімдерге сабақ өте бастадым. Осы шығармашылық жұмыстарымды ұштау мақсатында аудандық білім бөлімінің әдіскері Темірбеков Самадилла ағай аудандық шығармашылық топ құрамына алып, шығармашыл мұғалімдермен бірігіп жұмыс жасауыма мүмкіндік ашты. Осы кезеңдерде «Жаңартылған бағдарлама» іске асырыла бастады, ай сайын семинарлар мен коучинг сабақтар өтіп жүрдік. 2016-2017 жылдар аралығында іс-тәжірибем аудан көлемінде таратылды. Осы жылдарда облыстық шығармашылық топ құрамына кіріп, облыстық жастар форумдарында, семинарларда баяндама оқып, з іс тәжірибеммен бөлісе жүріп, мақтау қағаздарымен марапатталдым. Математика пәні бойынша аудандық, облыстық пән олимпиадаларға қатысып, өзім де, оқушыларым да жүлделі орындарын алды. 2020-2021 жылдары онлайн сабақтар түсіріп, ЮТУБ каналында жариялап, өз тәжірибеммен облыс көлемінде бөлісіп мақтау қағаздарын алдым. Басқа да, «Педагогикалық идеялар фестивалі», «Үздік шығармалар байқауы» т.б. сайыстарда 1-2 орындар иелендім.
2022 жылы аудандық білім блімінің ұсыны бойынша Республикалық математика пәні мұғалімдерінің сьезіне қатысып, қордаланған мәселелерді талдай отырып, өз ұсыныстарымызды айтып, білім министрі А.Аймағанбетовпен, Қазақстанның біртуар математигі А.Жұмаділдаевпен жүздесіп, Ғ.Бейсенбаевтің мұғалімдермен өткізген тренингіне қатысып керемет сезімде болып қайттым. 2023 жылы аудандық білім бөлімінің ұсынысы бойынша Маңғыстау өңірінде ұйымдастырылған мұғалімдердің Республикалық пленарлық конференциясына қатысып, түрлі идеялармен, баяндамаларды тыңдап, Маңғыстау аймағындағы жаңаша талапқа сай безендірілген мектептерді аралап, үлкен шығармашылық шабыт алып келдік. Ондағы қаралған мәселелер мен білім саласында қойылып отырған басымдықтар жөнінде Түркістан қаласында өткен облыстық семинарда баяндама жасадым. Осы жылы, аудан клемінде «Үздік педагог» номинациясын иелендім.
2023 жылы ББЖМ бойынша өткізілген облыстық семинарда, есептерді шығару тәсілдерін көрсете отырып, іс-тәжірибеммен бөлісіп мақтау қағазын алдым.
Мектепте білім сапасы бойынша мәселелердің шешімін табу мақсатында «Зерттеу сабақтарын» өткізіп отырамыз.