Қаныш Сәтбаевтың туғанына – 125 жыл

Халқын өзінен биік қойған дара тұлға

Қазақтың Ұлы даласында пайдалы қазбалар құпиясын ашқан әйгілі ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуын бүкіл еліміздің халқы атап өтуде. Ұлы ғалым 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар облысының Баянауыл ауданында Теңдік ауылынан 1 шақырым қашық Айрықты деп аталатын жерде өмірге келген.

Жарық дүние есігін ашқан сәбиге азан шақырып, Ғабдул-Ғани деген есім берген екен. Бала кезінде анасы еркелетін Ғани,Ғанышым деп атап, кейіннен барлығы Қаныш деп атап кеткен.

Қаныш бала кезінде ауыл молдасынан араб, парсы тілдерінде сауат ашады. Кейіннен уездегі Ақкелін ауылында ашылған қазақ-орыс мектебінде білім алады. 1911 жылы Павлодардағыорыс-қазақ училищесіне оқуға түседі. Үш жылда төртжылдық бағдарламаны меңгеріп, Семейдегі мұғалімдер семинариясына оқуға түседі. Денсаулығы Сыр бере бастаған соң диплом алуы үшін емтиханды экстернментапсырады. Ауылға келіп қымызішіп, емделеді. Томск технология институтына оқуға түскенімен, жарты жылдан кейін сырқаты асқына түсіп, оқуын жалғастыра алмай, ауылға қайтуына тура келеді. Туған жердің салқын самалы да ем демекші, қымыз ішіп, емделуін жалғастырады.

1920-1921 жылдары А.Байтұрсынов басшылық жасаған қазақ ағартушы ғалымдары қатарында қазақ мектептері үшін алғашқы «Алгебра» оқулығын жазды. Осы жылдары Баянауылға Томск технология институтында студенттерге дәріс беретін ұстаз Усов келіп, қымыз ішіп, демалады. Сол Усовтыңкөмек көрсетуімен ҚанышТомск институтында оқуын қайта жалғастырып, 1929 жылы бітіріп шығады.

Қаныш Имантайұлы жоғары оқу орнын бітіріп келген соң бүкіл ғұмырын қазақ ғылымының дамуына арнады. Жезқазғандағы,Қарсақбайдағы пайдалы кен орындарын ашып, зерттеуге өлшеусіз үлес қосты. Ол геология саласының білгір ғана емес, қазақ халқының тарихын, әдебиеті менмәдениетін, музыкасын зерттеуші аса ірі тұлғалардың бірі болды. Қазақ ғалымдарының басын қосып, тұңғыш рет Қазақ ғылым академиясыг құрды. 1946 жылы ашылған Қазақ КСР ғылым академиясының ең алғашқы президенті болды.

Ғылымның қия жолында ол қаса-қана қолдан жасалған көптеген кедергілерге тап болды, қайыспас батылдық танытып, бәрін жеңіп шықты.

Көрнекті ғөрнекті ғалым 1931 жылы белгілі композитор А.Затаевмчтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағын шығаруға рухани және материалдық қолдау көрсетумен қатар, өзі қазақтың 25 әнән композиторға орындап беріп, сол әндерге орыс тілінде түсінік жазып берді.  Айтпақшы, қазақ драма өнерінің алғашқы қарлығашы Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасы сахнаға шығарылғанда негізгі кейіпкерлерінің бірі болды. «Ер Едіге» дастанын зерттеп, халыққа жеткізді, «Обаған», «Қазақтың ұлттық театры ткралы», « Томск қаласындағы ұлттық кеш» және басқа да туындылар жазды.

Қазақтың ұланғайыр даласындағы ежелгі заманда бабаларымыз тасқа қашап қалдырған жазбалар мен таңбалардың, петроглифтердің сақталып қалуына қорған болып, тарихшы ғалымдарымызды осы құпиялардың сырын ашуға тартты.

Қаныш атамыздың бойындағы ізгі қасиеттер, туған халқына, елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі туралы айтылған әңгіме аз емес. Солардың бірін ғана еске түсіріп көрелік.

Ғалым атамыз 1947 жылы наурыз айында Қазақстаннан КСРО Жоғарғы Кеңесі депутаты ретінде Лондонға сапарлап барғанда Уинстон Черчилльмен кездесіп, сұхбат құрды. Сол кезде аты айдай әлемге аян саясаткер одан:

– Өзге қазақтар сіз сияқты бойшаң келеді ме? – деп сұрапты. Сонда Қаныш атамыз:

– О не дегеніңіз, Черчилль мырза, олай емес, мен қазақтардың ішіндегі ең кішкентайымын! Халқым менен биік, – депті.

Қазақ халқы Қаныш атамыз сияқты халқын өзінен жоғары қойған алып ұлдардыөмірге әкелген. «Алып анадан туады» демекші, алтын құрсақты аналарымыз аман болса, алып перзенттер өмірге келе беретіні сөзсіз.

С.Оразалықызы,

Ленгір қаласындағы №2 арнайы мектеп-интернатының мұғалімі

About The Author

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *