Белсенді жастар бас қосты

Ауданымызда Түркістан облыстық жастар орталығының ұйымдастыруымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың қатысуымен республикалық «Zhas Camp. Jastar Academy II» атты жастар лагері өтті. Лагерь жұмысына еліміздің барлық өңірінен 300 белсенді жас қатысты.

Көшбасшы жастардың еркін форматта кездесуінде теле-жүргізуші, актер Даулет Бижанов модератор болды. «Адал азамат» тұжырымдамасын ілгерілетудегі әріптестік: жастар мен мемлекет» диалогтық алаңында өзекті ьақырыптарды қозғап, пікір алмасты.Облыс әкімінің орынбасары Е.Алтаев әр өңірден келген жастарға белсенділік танытқаны үшіналғысын білдіріп, жастар бастамасын әрқашан қолдауға дайын екенін жеткізді.

– Түркістан өңірінде өздеріңіздей белсенді жастармен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Қазақтың төбе биінің атымен аталатын аймақта еліміздің көшбасшы, белсенді жастарыжиналып отыр. ПрезидентіміздіңҚасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әріресе жастар еңжақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет» деген болатын. Қазір жастар үшін мүмкіндіктер көп.Колледждер мен университеттерде гранттар қаралған.Кәсіпкерлікпен айналысамын дейтін жастар үшін де жеңілдіктер бар. Ең бастысы, жігерлі болу керек. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Жастардың сапалы білім алумен қатар спортпен, өнермен шұғылданып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуы – біз үшін ерекше маңызды. Бүгінгі маңызды үш күндік іс-шара жастардың жүрегіне жалын беріп, түрлі тақырыпта болған сессиялар өмірлеріңізге жаңа өзгерістер әкеледі деп сенемін, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Басқосуда жастартүрлі сауалдарын қойып, ұсыныстарын

About The Author

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *