ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығының 13-тармағына сәйкес Төлеби аудандық мәслихат төрағасы Н.Қойбағаров ашып, жүргізіп отырды.

 Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды: 
1.  Жұмыс тобының құрамына ашық дауыс беру арқылы кандидаттардың көпшілік дауыстарымен мүшелерді іріктеп, қалыптастыру. 
2.  Іріктеліп алынған жұмыс тобының құрамын бекіту. 
3.  Жұмыс тобының көпшілік дауысымен азаматтық қоғам өкілдері қатарынан жұмыс тобының басшысын сайлау.
4.  Алдағы уақытта қалыптастырылатын Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындау.

 Жұмыс тобына кандидаттардың қатысуларымен ашық дауыс беру арқылы жұмыс тобының құрамы жасақталып бекітілді. Сонымен қатар алдағы қалыптастырылатын Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 21 мүшеден тұратындығы айқындалды. Жұмыс тобының басшысы: 
1. Джимбаев Болат Жаркимбекович 
Жұмыс тобының мүшелері: 
1. Джолдыбаев Нұржігіт Халыкович 
2. Асилбеков Тайыр Шарипұлы 
3. Тастанбеков Наушабек Маликулы 
4. Сатыбалдин Кемел Темирулы 
5. Амангелдиев Жандос Амангелдиевич 
6. Алипбеков Қазбек Мейрамханулы. 

Жұмыс тобын қалыптастыру жұмыстары «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V ҚРЗ Заңының және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығының талаптарына сәйкес өткізілді. 

©Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі.

About The Author

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *