Бүгінгі жылдам өзгеріп жатқан заманда өткеннің өнегесін ұмыту – ұлттық бірліктің, мәдениеттің және рухани байлықтың жоғалуына әкелуі мүмкін. Өткен ғасырларымыз бен ата-бабаларымыздың өнегесі – біздің бүгінгі өмірімізге, болашағымызға негіз болатын құнды білім қазынасы.
Біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген қиын-қыстау кезеңдерде де, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар арқылы өздерін сақтап қалды.
Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келген салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық нақыштарымыз – біздің жеке тұлғамыздың қалыптасуында, әлеуметтік өзара қарым-қатынаста маңызды рөл атқарады.
Ата-бабаларымыздың даналығы, адалдық, еңбекқорлық және өзара көмек көрсету сынды өнегелі қасиеттері – бүгінгі таңда да қоғамымызды біріктіріп, дамуына ықпал етуде.
Біздің болашағымызды айқындайтын ең маңызды құндылықтардың бірі – ата-бабаларымыздың өткенінен алынған өнеге мен даналық. Өткеннің тарихын, салт-дәстүрін, мәдени мұрасын білмей, болашақты дұрыс қалыптастыру мүмкін емес. Қазақ болмысының тарихын ұмытпау – ұрпаққа берілетін асыл мұра, болашаққа бастамалы қадам болып табылады.
Ата-бабаларымыздың өмір сүру жолы, күресі мен жетістіктері бүгінгі күннің өзекті мәселелерін шешуде үлкен үлгі береді. Қазақ халқының батырлығы, даналығы мен ұлттық ерекшеліктері – бұл болашаққа сеніммен қарауға, өз жолымызды табуға және бірлігімізді нығайтуға негіз болады. Егер біз тарихымызды білмесек, болашаққа нық сеніммен қадам басу қиынға соғады, өйткені өткеннен алынған өнеге – бүгінгі мүмкіндіктердің шыңына жетелейтін биік бағаның іргетасы.
Қазақ мәдени мұрасы ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Тіл, әдебиет, музыка, салт-дәстүр – осылардың барлығы біздің болмысымыздың ажырамас бөлігі. Мәдени мұраны білмей, ұлттық бірлігімізді сақтап қалу да, болашақты жарқын ету де мүмкін болмайды. Өткеннің өнегесі бізді ортақ құндылықтарға, ұлттық дәстүрлерге баули отырып, заманауи қиындықтармен күресуде күш береді.
Өткеннен өнеге алу дегеніміз тек қана өткенді еске алу емес, сонымен қатар, тарихтағы сабақтарды қазіргі заманның мәселелеріне қолдану. Әрбір тарихи оқиға, әрбір қиын кезең – бұл болашаққа нық қадам басуға мүмкіндік. Біз өткеннен үйренген даналықты, әділдік, еңбекқорлық, бірлік және өзара көмек сияқты қасиеттерді бүгінгі заман талаптарына сәйкестендіріп, ұрпаққа жеткізуіміз қажет.
Қазақ тарихын, мәдениетін және салт-дәстүрін терең меңгеру әрбір азаматтың міндеті болуы тиіс. Білім беру жүйесінде ұлттық мұраны жоғары бағалап, оқушылар мен студенттерге тарих пен мәдениеттің маңыздылығын жеткізу – болашақ ұрпақтың саналы, патриоттық мінез қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Тарихымызды білмей, болашаққа сенімді қадам басу мүмкін емес, өйткені өткеннен алынған өнеге – біздің болашаққа сеніммен қарауымыздың кепілі.
Қазақ болмысы тарихын білмеу – болашаққа бастар қадам болмайды. Өткеннің өнегесін бүгінгі мүмкіндіктерге айналдыру арқылы біз ұлттық бірлігімізді нығайтып, заманауи қоғамның талаптарына жауап бере аламыз. Тарихымызды біле отырып, біз өз болашағымызды жарқын, тұрақты және дамушы қоғам ретінде қалыптастыруға үлкен үлес қосамыз. Әрбір азамат өткеннің даналығын қабылдап, оны бүгінгі өмірге сіңірсе, ұрпақтарымызға бейбіт, өркендеген ел қалдыра алатынымызға сенімдіміз.
Өткеннің даналығын бүгінгі қиындықтарға тиімді қолдану мақсатында:
– Мектептер мен жоғары оқу орындарында ұлттық құндылықтар мен тарихты үйрету арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу, олардың патриоттық сезімін ояту;
– Музейлер, мәдени орталықтар, әдеби және өнер фестивальдері өткеннің өнегесін жаңғыртуға, жастар мен ересектерді рухани байыту;
– Қоғамдағы әртүрлі топтар арасындағы диалогты дамыту, ортақ құндылықтарды насихаттау арқылы әлеуметтік тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайту;
– Мемлекеттік деңгейде ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді сақтау және дамытуға бағытталған кешенді бағдарламалар қабылдау қажет. Мысалы, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында мәдени және тарихи құндылықтарды зерттеу, жинақтау және насихаттау;
– Қазақ тілінің қоғамдағы рөлін күшейту және қолданыс аясын кеңейту мақсатында тіл саясаты жөніндегі бағдарламаларға өзгерістер енгізу қажет. Мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарда қазақ тілін толыққанды қолдануды қамтамасыз ету;
– Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сақтау және халықаралық деңгейде көрсету бойынша кешенді шаралар қабылдау қажет. Бұл бағытта ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді насихаттау, ұлттық спорт түрлерін дамыту және ұлттық мерекелерді кеңінен атап өту;
– Ұлттық мәдениет пен тарихты цифрландыру арқылы жастарға қолжетімді ету, онлайн платформалар арқылы білім беру және ақпарат тарату жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл бағытта арнайы веб-сайттар, мобильді қосымшалар және онлайн курстар әзірлеу;
– Ұлттық өнер мен әдебиетті қолдау, шығармашылық ұжымдарды дамыту және жаңа туындыларды насихаттау бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл бағытта әдеби және өнер фестивальдерін ұйымдастыру, шығармашылық байқаулар өткізу;
– Ұлттық спорт түрлерін дамыту, жастарды спортқа тарту және ұлттық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру қажет. Бұл бағытта ұлттық спорт мектептерін ашу, жарыстар өткізу және спорттық инфрақұрылымды дамыту;
– Ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді халықаралық деңгейде таныту, шетелдерде мәдени іс-шаралар ұйымдастыру және шетелдік азаматтарды ұлттық құндылықтарымызбен таныстыру қажет. Бұл бағытта халықаралық фестивальдер, көрмелер және мәдени алмасулар ұйымдастыру;
– Ұлттық құндылықтарды насихаттау бойынша ақпараттық кампаниялар жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді кеңінен таныту қажет. Бұл бағытта телеарналарда арнайы бағдарламалар, радиобағдарламалар және баспасөз мақалаларын жариялау.
Осы шараларды жүзеге асыру арқылы ұлттық құндылықтарды сақтау және дамыту, жастарды тәрбиелеу және қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға ықпал етуге болады.
Бұл өнеге бүгінгі мүмкіндіктерге айналған кезде, әрбір азамат өз елінің дамуына үлес қосып, ұлттық бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқара алады. Өткеннің өнегесін біліп, оны бүгінгі өмірге сіңіру – әрқайсымыздың парызымыз.
Түркістан облысы дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ
теолог маманы Г.Бекжан
Тіркеу № ____