Бүгін Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
🔹 Қабылдауға келген азаматтар ағын және ауыз су, қоғамдық көлік жүргізу, жер телімі, көпір мен аяқ жол салу, баспана және инфрақұрылымға қатысты өз өтініш-тілектерін жеткізді. Сонымен қатар, демалыс аймағының сырғу қаупі бар аумақта орналасуына байланысты зерделеу қажеттігі айтылды. Өрт салдарынан баспанасыз қалған азамат уақытша баспана табуға көмек сұрады.
🔹 Барлық өтініштер мұқият тыңдалып, заң талаптарына сәйкес түсіндірілді.
🔹Әрбір мәселе бақылауға алынып, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.
✅ Аудан басшысы халықтың талап-тілектері мен өтініштерін шешу – жергілікті билік үшін басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.
📌 Азаматтарды жеке қабылдау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты жалғасатын болады.
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі



