Қызметтік көлік кімге тиесілі? Төлеби ауданындағы заңсыздықтарға кім жауап береді?

Төлеби ауданына күн сайын Шымкент қаласынан арнайы көлікпен келетін Ардагерлер кеңесінің төрағасы Атирхан Шынгысбаев бірнеше жылдан бері заңсыз қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланып жүргені туралы нақты деректер бар. Бұл жағдай — мемлекеттік мүлікті мақсатсыз қолданудың айқын мысалы.

Әтірхан атамыздың өзі Төлеби ауданының тұрғыны емес, Шымкент қаласынан келіп-кетіп жүреді. Алайда, аудан әкімдігінің балансындағы қызметтік көлік оған бекітіліп, тіпті арнайы жүргізуші де бөлінген. Бұл көліктің жүргізушісінің жалақысы мен күнделікті жанармай шығындары аудандық бюджет есебінен төленіп отыр. Яғни, аудан тұрғындарының салығы — бір ғана адамның жеке қатынауына жұмсалып келеді.

Сонымен қатар, бұл көлік жарық жол бөлімінің балансында тұрғанына қарамастан, ешқандай заңды бұйрық, ресми бекіту немесе қызметтік негіздеме көрсетілмей, ардагерлер кеңесі төрағасына заңсыз бөлініп келгені үлкен күмән тудырады.

Бірнеше сұрақ жауапсыз қалып отыр:
• Бұл азаматқа қызметтік көлік кімнің бұйрығымен берілді?
• Бюджеттен бөлінген бензин көлемі қанша? Ол қалай есепке алынды?
• Штаттан тыс адамға қызметтік көлік бекіту заңға қаншалықты сай?
• Төлеби ауданында жергілікті, білікті ардагерлеріміз бола тұра, неге Шымкенттен арнайы адам алынып отыр?

Бұған қоса, менің тарапымнан бірнеше мәрте жазылған шағымдарға күні бүгінге дейін нақты жауап берілмеген. Бұл — жауапты тұлғалардың мәселені жауып, заңсыздықты бүркемелеуге тырысқанының белгісі.

Төлеби ауданы әкімдігі тарапынан бұл жағдайға ресми баға беріліп, заңсыз қызметтік көлік беру мен пайдалану фактісі бойынша нақты шаралар қолданылуы тиіс.

Мемлекеттік көлік — бір адамның жеке пайдаланатын мүлкі емес, халыққа қызмет ету құралы. Оны өз мүддесіне қолдану – қоғамдық сенімді бұзу, қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану болып есептеледі.

Халықтың ақшасы — халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс!

Менің күдігімше Төлеби Ауданы Әкімдігі Әтірхан Шыңғысбаев ағамызға қатысты менің сауалдарыма оның Túrkistan oblysynyń ákimdigi Акимат Туркестанской области қызмет атқаратын ұлы Қанат Шыңғысбаевтан өте алмауда.

“Бізде әр нәрсе көлеңкеде шешіледі. Әке әкімге сөзі өтетін баласына сеніп, заңнан тыс істерін бүркейді. Бұл — қоғамға қауіпті тенденция!”

“Қанат Шыңғысбаев мырза халықтың қызметшісі болса, туыстық емес, әділдікке жұмыс істеуі тиіс” — деп пікір білдіреді жергілікті тұрғындар.

Қанат Шыңғысбайұлы және оның әкесіне қатысты заң аясында ашық зерттеу жүргізілуі тиіс. Бұл мақала — айып тағу емес, қоғамда туындап отырған сұрақтарға жауап табу талпынысы. Егер барлық күдік негізсіз болса — ашықтық арқылы сенім қалпына келеді. Ал егер расталса — заң баршаға ортақ.

@актуальное, #төлебиауданы, #түркістаноблысы

About The Author

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *