Түркістан облысындағы білім саласындағы қаржылық басқарудың жүйелік дағдарысы
Автор: Лаззат Асанова, Түркістан облысы
Соңғы жылдары еліміздің білім саласына бөлінетін қаражат көлемі едәуір артты. Мемлекет тарапынан бөлінген миллиардтаған қаржы мектеп инфрақұрылымын дамытуға, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге, ұстаздардың еңбекақысын арттыруға және жаңа форматтағы білім беру жобаларын жүзеге асыруға бағытталған болатын. Алайда Түркістан облысындағы жағдайға қарасақ, бұл қаржының бір бөлігі көзделген мақсатқа емес, мүдделі топтардың қалтасына құйылып жатқаны туралы алаңдатарлық деректер пайда болуда.
Нақты тұлғалар – күмәнді қарым-қатынастар
Түркістан облысының білім басқармасының экс басшысы Жолаев Рақымбек Қуатұлы, басқарма басшысының экс міндетін атқарушы Маханбетов Жандос, қаржылық бөлімнің басшысы Өсербаев Амантай Оразалыұлы және экономикалық жоспарлау бөлімінің маманы Жылкелдиев Ержан – осы тұлғалардың есімдері бүгінде түрлі қаржылық күдік пен тергеу талаптарының аясында жиі аталады.
Кей деректерге сүйенсек, аталған лауазымды тұлғалар мен олармен байланысы бар жеке кәсіпкерлер мен ЖШС директорлары арасында бірқатар күмәнді қаржылық келісімдер жасалған. Бұл келісімдер әсіресе мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобалары шеңберінде жүзеге асып, бақылау мен аудиттен тыс қалған болуы мүмкін.
МЖӘ: Идея жақсы, бірақ орындалуы күмәнді
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаты – бизнес пен мемлекеттің күшін біріктіре отырып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған тетік. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл тетік жемқорлыққа таптырмас алаңға айналып отыр. Түркістан облысындағы білім беру саласында МЖӘ арқылы іске асырылған жобалардың кейбірі – нақты нәтиже бермеген, қаражатты игеру тұрғысынан ғана орындалған «қағаз жүзіндегі жобалар» болып қалуы мүмкін.
Жүйелік проблема қайдан туындады?
Сарапшылар бұл жағдайды жүйелік бақылаудың әлсіздігімен және қаржы мен әкімшілік басқарудың бір қолға шоғырлануымен байланыстырады. Бір мекемеде жоспарлау, қаржыландыру және орындаушылық функциялардың бір тұлғалардың бақылауында болуы – қаржыны мақсатсыз жұмсауға жол ашады.
Сонымен қатар, ашықтық пен есептіліктің жоқтығы, қоғамдық бақылаудың болмауы – бұл процестердің көлеңкеде өтуіне жол береді.
Қоғамдық сенім мен салдары
Егер осындай қаржылық бұрмалаушылықтар расталса, бұл тек белгілі бір тұлғалардың ғана емес, жалпы білім саласына деген сенімді жоғалтуға әкеледі. Миллиондаған қаржы талан-таражға түсіп жатқанда, ауыл мектептері әлі күнге дейін ескі партамен, жылусыз сыныптарда, сапасыз интернетпен күн кешіп отыр.
Қорытынды:
Білім саласы – ел болашағының іргетасы. Бұл саладағы әрбір тиын тексеруден өтіп, нақты нәтиже беруі керек. Түркістан облысындағы жағдай – жалғыз оқиға емес, бұл бүкіл жүйенің диагнозы іспеттес. Мемлекеттік қаржыға деген жауапкершілік пен адалдық орнамайынша, білім сапасы да, қоғам сенімі де артпайды.
Тиісті органдар бұл мәселеге назар аударады ма? Әлде кезекті «жабулы қазан» күйінде қалдырыла ма – бұл енді қоғамның үн қатуына байланысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев
ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК, ҚР Ішкі істер министрлігі / Министерство внутренних дел РК, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Túrkistan oblysynyń ákimdigi Акимат Туркестанской области, Түркістан Облысының Білім Басқармасы, Бейсен Тәжібаев



