ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ АРҚЫЛЫ ЖЕРЛЕРДІ ҚАЙТАРУ БАРЫСЫ
«Қазақстан ғарыш сапары ҰК» акционерлік қоғамының алғаш рет пилоттық жоба ретінде космомониторинг жүйесі арқылы Сауран ауданында нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 25 жер пайдаланушының жер учаскесі жалпы алаңы: 3195,75 га жер учаскесі анықталып, зерделеу мақсатында егістікті анықтау актсі түзіліп нәтижесі бойынша Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне өз құзыреті шегінде шара көру үшін жолданды.
САУРАН АУДАНЫ БОЙЫНША ИГЕРІЛМЕЙ ЖАТҚАН ЖЕРЛЕРДІ ТҮГЕНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ
Сауран ауданы әкімдігінің 07.03.2025 жылғы №23 н/қ өкіміне сәйкес құрылған жұмысшы топпен жайылым жер учаскелерін түгендеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде ИСЖ базаға мал басы тіркелмеген 659 жер иелеріне тиесілі алаңы 68 872,8 га жер телімі анықталып, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне өз құзыреті шегінде шара көру үшін 117 жер иелеріне тиесілі 5 247,1 га жер телімдері актіленіп жолданда.
АУЫЛ ОКРУГТЕРДІҢ ЕЛДІ МЕКЕН ШЕГІНДЕ ӨЗ БЕТІНШЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫП ЖЕР ЗАҢНАМАСЫН БҰЗА ОТЫРЫП ПАЙДАЛАНЫП ЖАТҚАН ЖЕРЛЕРДІ ЗАҢДАСТЫРУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ
Сауран ауданы бойынша өз бетінше тұрғын үй салып пайдаланып жатқан жалпы 1052 жер пайдаланушы анықталып бекітілді.
Бүгінгі таңда, айыппұл төлей отырып заңдастырып жұмыстарының нәтижесінде Шорнақ, Қарашық, Иассы, Үшқайық Байбайқорған және Шаға ауылдық округітеріндегі 342 жер пайдаланушыға тиісті шара қолданылып заңдасытыру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы аптада Ескі Иқан, Майдантал ауылдық окруігтерінен 100-ге жуық жер пайдаланушыға айыппұл салу көзделуде.
ЖЕР УЧАСКЕСІН МЕМЕЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРУ БОЙЫНША ҚОЙЫЛҒАН ЖОСПАР
2025 жылға Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы тарапынан 10,0 мың га жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарып ортақ жайылымға алу жоспары қойылған. Бүгінгі таңда 37 жер пайдаланушының 1 215,0 га жер телімін мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстары атқарылып, 5 айлық жоспар толығымен орындалып, әр ауылдық округ әкімдігінің теңгеріміне рәсімделінетін болады.
Сауран ауданы әкімдігі Жер
қатынастары бөлімінің басшысы
Патсаев Асылбек