ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БИЫЛ БАСТАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БИЫЛ БАСТАЛАДЫ

✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd.» компаниясының бас директоры Чжоу Хайвэйды қабылдап, келіссөз жүргізді. Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасына қатысқан бұл компания Түркістан өңірінде де ірі инвестициялық жобаларға қатысуды жоспарлап отыр. Оның ішінде Түркістан қаласының шығыс айналма жолының құрылысын биылғы қыркүйек айында басталатын болды.

📌– Екі мемлекеттің Президенттерінің тығыз байланысы, достық қарым-қатынасы маңызды бастамаларға жол ашуда. Бір ай бұрын өзіңізбен жолыққанымызда Түркістан өңірінде бірқатар жобаны жүзеге асыруға келіскен болатынбыз. Енді сол жұмыстар басталады. Бұл стратегиялық әріптестік Түркістан облысын дамытуға серпін береді деп сенемін, – деген Нұралхан Көшеров өңірдің инвестициялық әлеуетін тағы да таныстырды.

✔️Әлеуетті инвестор Түркістан қаласының шығыс айналма жолын салады. Бүгінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының бір бөлігі Түркістан қаласының орталығында орналасқан және шамамен тәулігіне 8000 жүк көлігі жүріп өтеді. Бұл шаһарда көлік кептелісін туындатып, жолдардың жиі зақымдалуына ықпал етуде. Оған қоса, ірі жүк көліктері үшін қаланың ішін қақ жарып өту де қолайсыздық тудырады. Осы мәселені шешу үшін Түркістанның шығыс бөлігінен айналма жол салу жоспары жасалып, қолдау тауып отыр. 30 шақырым жолдың құрылысы 1,5 жылда аяқталады деп жоспарланған.

✔️Қос тарап осы жолдың құрылысына және облыста логистикалық орталық пен өндіріс орнын ашу бойынша да келіссөз жүргізіп, жобалар жүзеге асатын аймаққа шолу жасады. Алдағы уақытта өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жобалар жалғасын таппақ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

__

СТРОИТЕЛЬСТВО ОБЪЕЗДНОЙ ДОРОГИ ГОРОДА ТУРКЕСТАНА НАЧНЕТСЯ В ЭТОМ ГОДУ

✔️Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров принял генерального директора компании China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd. Чжоу Хейвэя и провел с ним деловые переговоры. Китайская компания, участвовавшая в проекте легкорельсового транспорта (LRT) в Астане, планирует реализовать крупные инвестиционные проекты в Туркестанском регионе. Среди них – строительство восточной объездной дороги города Туркестана, которое планируется начать в сентябре этого года.

📌- Тесные связи и дружественные отношения президентов Казахстана и Китая открывают путь к важным инициативам. Месяц назад мы договорились о реализации ряда проектов в нашем регионе. Работы начинаются. Уверен, что наше стратегическое партнерство придаст импульс развитию Туркестанской области, – подчеркнул Нуралхан Кушеров.

✔️Инвестор намерен построить восточную объездную дорогу города Туркестана. Часть автодороги “Западная Европа-Западный Китай” проходит через центр города, в сутки через нее проходит около 8000 грузовых автомобилей. Это способствует повреждению дорог, вызывая пробки. Кроме того, для крупногабаритных грузовиков проезд по городу доставляет неудобства. Для решения этого вопроса разработан план строительства объездной дороги в восточной части Туркестана. Строительство 30 км дорог планируется завершить за 1,5 года.

✔️Стороны также провели переговоры по строительству логистического центра и производственных территорий. Инвестору презентовали районы, где будут реализованы проекты. Было отмечено, что новые проекты позволят создать новые рабочие места.

Пресс-служба акима Туркестанской области

About The Author

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *