◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органының әйелдерін “8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні” мерекесімен құттықтады.
◾️ Өз сөзінде ол қоғамның дамуына әйелдердің қосатын үлесі зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, сот жүйесінің өкілдері жоғары кәсіби жауапкершілікті отбасы құндылықтарын сақтаушы маңызды миссиямен сәтті ұштастырып келеді.
«Біздің аяулы ханымдарымыз мемлекетіміздің дамуына елеулі үлес қосып отыр. Олар тек адал жар ғана емес, сондай-ақ іскер басшылар, ел мақтанышы әрі қоғамымыздың көркі», – деп атап өтті Төраға.
◾️ А.Мерғалиев судьялар корпусының жартысынан астамын әйелдер құрайтынын айтты. Олардың еңбегі жоғары жауапкершілікті, тәртіпті, принципшілдікті және әділдікке ұмтылысты талап етеді. Маңызды шешімдер қабылдай отырып, олар сот төрелігіне деген сенімді нығайтып, азаматтардың қорғалғандық сезімін қалыптастырады.
◾️ Сонымен қатар Жоғарғы Сот Төрағасы елде жаңа Конституция жобасы бойынша қоғамдық диалог жалғасып жатқанын, ал биылғы 15 наурызда республикалық референдум өтетінін атап өтті.
◾️ Жоба «Заң және тәртіп» қағидаттарын және Әділетті Қазақстан идеясын бекітеді, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, отбасы мен неке институтын нығайтуға бағытталған нормаларды қамтиды.
◾️ Салтанатты жағдайда А.Мерғалиев отставкадағы судья Тиышты Тоғымбетоваға «Парасат» орденін тапсырды. Жоғарғы Соттың судьялары Рәзия Куанышбаева мен Гүлмира Жүсіпбекова «Құрмет» орденімен марапатталды.
◾️ Жоғарғы Соттың I дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен судьялар Ирина Калашникова, Жанылдық Қашқынбаева мен Мәдениет Омарбекова марапатталды. «Құрметті судья» белгісі Баян Тоқтароваға тапсырылды.
◾️ Адал еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін республика бойынша 78 судья ведомстволық марапаттарға ие болды.
◾️ Сондай-ақ Судьялар одағы қоғамдық бірлестігі тарапынан да марапаттар табысталды.
◾️ Сол күні Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров сот қызметкерлерін марапаттады.
◾️ Олардың қатарында Клара Утетлеуова «Құрмет» орденімен, Гүлназ Утегенова мен Гузаль Турдыева «Ерен еңбегі үшін» медалімен, сондай-ақ бірқатар маман ведомстволық наградалармен марапатталды.
◾️ Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.
*
В Верховном Суде поздравили женщин с праздником 8 марта
◾️ Председатель Верховного Суда Асламбек Мергалиев поздравил женщин высшего судебного органа с Международным женским днем – 8 марта.
◾️ В своем выступлении он отметил значимую роль женщин в развитии общества. По его словам, представительницы судебной системы успешно совмещают высокую профессиональную ответственность с важной миссией хранительниц семейных ценностей.
«Наши милые дамы вносят значимый вклад в развитие нашего государства. Они не только верные супруги, но и деловые руководители, гордость страны и украшение нашего общества», — подчеркнул Председатель.
◾️ А.Мергалиев отметил, что более половинысудейского корпуса составляют женщины. Их труд требует высокой ответственности, дисциплины, принципиальности и стремления к справедливости. Принимая важнейшие решения, они укрепляют доверие к правосудию и формируют чувство защищенности граждан.
◾️ Отдельно Председатель Верховного Суда отметил, что в стране продолжается общественный диалог по проекту новой Конституции, и 15 марта текущего года пройдет республиканский референдум.
◾️ В проекте закреплены принципы «Закон и порядок» и идея Справедливого Казахстана, а также нормы, направленные на защиту прав и свобод граждан и укрепление института семьи и брака.
◾️ В торжественной атмосфере А.Мергалиев вручил орден «Парасат» судье в отставке Тиышты Тоғымбетовой. Орденом «Құрмет» награждены судьи Верховного Суда Разия Куанышбаева и Гульмира Жусупбекова.
◾️ Медалью Верховного Суда «Мінсіз қызметі үшін» 1 степенью также отмечены судьи Ирина Калашникова, Жанылдык Кашкинбаева и Мадениет Омарбекова. Знаком «Құрметті судья» награждена Баян Токтарова.
◾️ За добросовестную работу и активную общественную деятельность ведомственными наградами отмечены 78 судей республики.
◾️ Награды также вручены от общественного объединения Союза судей.
◾️ В этот же день Руководитель Судебной администрации Наиль Ахметзакиров наградил сотрудников судов.
◾️ В их числе медалью орденом «Құрмет» — Клара Утетлеуова, «Ерен еңбегі үшін» — Гульназ Утегенова и Гузаль Турдыева, а также ряд специалистов — ведомственными наградами.
◾️ Мероприятие завершилось праздничным концертом.










