Бүгін аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаевтың төрағалығымен Сарыағаш аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелері, тиісті мекеме және құзырлы орган өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қызылжар ауылдық округінің әкімі А. Рахымбердиев пен Құркелес ауылдық округінің әкімі М. Турсункуловтың кәмелетке толмағандармен жұмыс, сондай-ақ оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың, ерте жүктілік, өз-өзіне қол жұмсау және зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында атқарған іс-шаралары туралы есептері тыңдалды.
Комиссия мүшелері баяндама барысында айтылған мәселелер бойынша пікір білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар тарапынан алдын алу шараларын күшейту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру сынды нақты ұсыныстар айтылды. Кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына бағытталған тәрбиелік және түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді.
Жиын қорытындысы бойынша комиссия төрағасы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, үйлестірілген жұмысты күшейтуді тапсырды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі



