«АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласында толықтай қайта салынып, заманауи талаптарға сай жаңғыртылған «Арыс-2» теміржол вокзалы салтанатты түрде пайдалануға берілді. Бұл нысан қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және теміржол қатынасын пайдаланатын азаматтарға қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау бағытындағы маңызды жобалардың бірі болып отыр. Нысанның ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан…