ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Манапов Мырзахан Бексұлтанұлы мен Сейтжанов Нұржан Серікжанұлы Отырар ауданына арнайы келіп, тұрғындармен есептік кездесу өткізді. Басқосуда халық қалаулылары атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы есеп беріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамалар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерді таныстырды. Кездесуге Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары…