Бүгін Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов VIII шақырылым қалалық мәслихатының депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында қала басшысы депутаттарға осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, жергілікті мәслихат қызметі аясында қаланың дамуына қосқан үлестерін атап өтті.
Жиынның негізгі мақсаты – депутаттардың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық бағыттағы қызметін бағалау, қала тұрғындарының мүддесін қорғау жолында атқарған жұмыстарына құрмет көрсету және жергілікті басқару жүйесіндегі өзара байланыстың маңызын атап өту.
Мәслихат депутаттары жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелерді көтеріп, тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлерін назарға алу арқылы қала өміріне қатысты шешімдердің қабылдануына атсалысып келеді. Олардың жұмысы халық пен