# АУДАН ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕТІН ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ
Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезекті отыз жетінші сессиясы өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және елді мекендердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды мәселелер қаралды. Сессияға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров төрағалық етті. Жиын жұмысына аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлегенов, мәслихат депутаттары, қала…