ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесуде азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына, тұрғын үй және жер қатынастарына, сондай-ақ ауданның инфрақұрылымдық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселе көтерілді. Тұрғындарды жеке қабылдау – халық пен билік арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз ететін маңызды тетіктердің бірі….