ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖАЛҒАСУДА

🇰🇿 Бүгін Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліс барысында ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық салаларындағы жұмыстар сараланып, алдағы міндеттер айқындалды.

↪️ Жиында бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Бектөре Ешжан ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан және мақсатсыз қолданылған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жөнінде баяндады.

↪️ Ауыл шаруашылығы санағының жүргізілу барысы туралы аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Асхат Райымбеков мәлімет берді. Сонымен қатар, ауданның 89 индикаторлық көрсеткіштерінің орындалу деңгейі бойынша нақты деректермен аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Ашрапов таныстырды.

↪️ Мәжілісте Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру мәселесі де талқыланды.

✅ Аппараттық жиын қорытындысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы әр сала бойынша нақты тапсырмалар беріп, халықпен кері байланысты күшейту, Жолдаудан туындайтын міндеттерді сапалы әрі жүйелі түрде орындау қажеттігін айтты.

📌«Президент Жолдауында ауылды дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыру, жастарды қолдау және мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелері айқын көрсетілді. Бұл – біз үшін нақты бағдар. Жүйелі жұмыс әрі нақты нәтиже – басты мақсат», – деді аудан басшысы.

©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *