ТӨЛЕБИ – ОРТАҚ ҮЙІМІЗ, ТАЗАЛЫҒЫ – ОРТАҚ БОРЫШЫМЫЗ!

✅Бүгін Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай, «World Clean-up Day» аясында жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды.

↪️Ауқымды тазалық шарасына аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов бастаған мемлекеттік қызметшілер, тұрғындар, коммуналдық қызметкерлер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері белсене қатысты. Қатысушылар көшелерді, қоғамдық орындарды, арық-атыздарды, жол жиектерін, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын тазалап, қоқыс жинау жұмыстарын жүргізді.

📍Сенбілік барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы:

«Төлеби ауданы – бәріміздің ортақ үйіміз. Оның тазалығы мен көркі – әрбір тұрғынның қолындағы іс. Біз табиғатты тек пайдаланып қоймай, оған қамқор болуымыз керек. Тазалық – бұл тек сенбілік емес, бұл – тәрбие, мәдениет, сана деңгейінің көрінісі. Біз тазалықты сана-сезіммен, мәдениетпен орнатуымыз керек. Себебі, тазалық – әр адамның өз ауласынан, өз көшесінен басталады. Әрқайсымыз табиғатқа, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарамасақ, нәтиже болмасы анық.
Сондықтан баршаңызды тазалыққа, тәртіпке, жауапкершілікке шақырамын! – деп тұрғындарды қоршаған ортаның тазалауға сақтауға үндеді.

✅Мұндай ұжымдық іс-шаралар ауданның тазалығы мен көріктілігін арттырып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеруге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *