Сауран ауданы әкімдігінде кезекті кеңейтілген мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімі мен орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен жауапты мамандар қатысты. Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды. Бірінші мәселе — аудан орталығы және ауылдық округтерде көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстарының барысы.
Бұл бағыттағы жұмыстар жөнінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қанағат Асылбек баяндама жасады. Ол көктемгі және күзгі маусымда атқарылған істер, егілген ағаштардың саны мен күтім шаралары туралы мәлімет беріп, ауылдық округтердегі әлсіз тұстарға тоқталды.
Екінші мәселе — аудан аумағындағы ортақ жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарының жайы. Бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар туралы Жер қатынастары бөлімінің басшысының орынбасары Молдабаев Нұрмахан баяндама жасап, аудандағы жайылым тапшылығын азайту және жерді тиімді пайдалану бойынша қолға алынған шараларды баяндады.
Кеңейтілген мәжіліс қорытындысында аудан басшылығы тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар беріп, аталған бағыттағы жұмыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қадағалауды міндеттеді.

