✔️Бүгін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға ниетті ресми инвесторлармен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты — ауданда мал шаруашылығын дамыту, заманауи бордақылау алаңдарын салу және инвестициялық жобаларды жоспарлы түрде іске асыру.
✔️Келіссөздер барысында инвесторларға Ескі Иқан ауылдық округінде құрылысы жүріп жатқан 15 мың бас ірі қараға арналған 30 мал бордақылау кластерінің алаңы таныстырылды. Бұл кешен аудандағы мал шаруашылығы инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеруді көздейді.
✔️Алдағы уақытта дәл осы аумақта 10 мың бас ірі қараға арналған 20 қора салу жоспарланған. Бұл өз кезегінде ауданның өндірістік қуатын арттырып, мал шаруашылығын қарқынды дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бордақылау алаңдарымен бірге мал азығын дайындап, өндіретін арнайы нысандардың салынуы межеленген.
✔️Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округтің аумағынан жалпы көлемі 185 гектар жер телімі бөлініп, 292 мал бордақылау алаңының құрылысы жоспарланып отыр. Жобаның басты ерекшелігі – инфрақұрылым мен қызметтерді бір орталыққа шоғырландыру арқылы тиімділікті арттыру, өндіріс шығындарын азайту және сапаны жоғарылату.
©️ Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі



