✔️Инвестициялық кездесудің екінші күні Сауран ауданында жалғасын тауып, жұмыс отырысы аудан әкімінің орынбасары Серік Сәдібаевтың төрағалығымен өтті. Бұл күні қытайлық инвесторлар өздерінің өндірістік және технологиялық ұсыныстарын кеңінен таныстырып, саурандық кәсіпкерлермен тікелей B2B форматындағы келіссөздер жүргізді.
✔️Жиынға Қытайдың өнеркәсіптік жабдықтар, тамақ өнімдерін өңдеу, қаптау, сүт және ұн өнімдері, мұздатылған тағамдар өндірісі саласындағы компания өкілдері қатысты. Олар Қазақстан нарығына жол ашуға, бірлескен өндіріс құруға және «Zhongzhi Mayson» өнеркәсіптік қоры арқылы қаржы қолдау тетіктерін пайдалануға дайын екенін жеткізді.
✔️Келіссөздер барысында әр компания өз жабдықтарының артықшылықтарын, өндіріс желілерін енгізу мүмкіндіктерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша кооперация бағыттарын ұсынды. Жергілікті кәсіпкерлер Сауран ауданындағы дайын инфрақұрылым, өндіріс алаңдары, агроөнімдер қоры және логистикалық мүмкіндіктер туралы ақпарат берді.
✔️Кездесуде арнайы бейнебаяндар көрсетіліп, өңірдің нақты инвестициялық жобалары таныстырылды. Қытайлық кәсіпкерлер Сауранда азық-түлік өнеркәсібі, агропереработка, құрылыс материалдары және экология салаларындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.
✔️Келіссөздер нәтижесінде тараптар бірқатар жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді бастауға уағдаласты. Инвесторлар алдағы уақытта Сауран ауданына қосымша сапарлар ұйымдастырып, нақты жоба алаңдарын көруге дайын екенін мәлімдеді.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі





