✔️Бүгін Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Сауран ауданында 300-ге жуық еңбек адамы құрметке бөленді. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров уақытпен санаспай ерен еңбектің көсегесін қыздырған азаматтарға ақ дастархан жайып, құттықтап, сый-сияпат жасады.
- Жалпақ жұртты іргелі істерге бағыттап, кең ауқымды жұмыстар іс тындыру үшін қоғамға пайдалы кез келген мамандық иесі құрметтелуі керек. Әр салада кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген сіздердің ерен еңбектеріңіз қандай құрметке болса да лайық. Ғұмырын еліміздің өркендеуіне арнаған еңбек ардагерлеріне, аға буынның тәлімгерлік жолын жалғап ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген азаматтарымызға зор ризашылығымды білдіремін! Жаңа жыл барлықтарыңыздың отбасыларыңызға шаттық сыйласын,- деді аудан әкімі өз сөзінде, — деді аудан әкімі.
✔️Мерекелік шараға облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Серікбай, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов және Сауран аудандық “AMANAT” партиясының төрағасы Асылбек Сағынбек қатысып, ізгі тілектерін жеткізді.
Шара барысында аудан коммуналдық сала қызметкерлеріне «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері, облыстық және аудандық мәслихат төрағаларының алғыс хаттары тапсырылды.
Ауданның тазалығына жауапты қызметкерлер мен таза ауыз су мәселесін қадағалаған еңбеккерлерге алғыс көп айтылды. Аудан өнерпаздары әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
©️ Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

















