АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Бүгін Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

✅Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – көктемгі ағаш егу жұмыстарына дайындық барысы болды. Бұл бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Айдос Бекеев баяндама жасап, жоспарланған жұмыстар мен дайындық деңгейі туралы ақпарат берді. Ол көгалдандыру жұмыстарын уақтылы әрі сапалы жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

✅Келесі кезекте аудан аумағындағы қаңғыбас иттерді аулау мәселесі қаралды. Бұл мәселенің тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы ерекше екені айтылып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді.

✅Үшінші мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Бектөре Ешжан 2026 жылға жоспарланған ветеринариялық нысандарға жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары туралы баяндады. Аталған бағытта құжаттарды заң талаптарына сәйкес уақытылы рәсімдеу қажеттігі атап өтілді.

✅Сонымен қатар, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Раимбеков аудан аумағында шегірткеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндама жасады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласын қорғау мақсатында алдын алу шараларын күшейту қажеттігі айтылды.

📍Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлімдер мен мекемелерге нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *