ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІКТЕР КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Көктемнің шуақты мерекесіне орай Төлеби ауданында ардақты аналар мен ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітқан Ақтаев жасы тоқсаннан асқан әжелердің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Аудан басшысы ақ жаулықты аналардың әрқайсысының өмір жолы өнегеге толы екенін атап өтіп, олар ұрпақ тәрбиелеп, елдің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан асыл жандар екенін жеткізді. Сондай-ақ қарияларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілеп, жүрекжарды лебізін білдірді.

Мереке қарсаңында Сұлтанрабат, Киелітас елді мекендері мен Ленгір қаласында тұратын ардақты аналар – Балтажан Абдрухманова, Замира Раимкулова, Гүлбазар Есенова және Жаркынкүл Көбетаева аудан әкімінің арнайы құттықтауын қабыл алды.

Көпбалалы аналар мен ұлағатты ұстаздар көрсетілген құрмет үшін ризашылықтарын білдіріп, ел бірлігі мен тыныштығы үшін ақ баталарын берді. Мұндай игі шаралар үлкенге құрмет көрсетіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің айқын көрінісі болып табылады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *