КЕНТАУДА КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы әрі қолжетімді болуын қамтамасыз ету, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында Кентау қаласында кезекті қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Кезекті бақылау жұмыстары Кентау қалалық жер қатынастары бөлімінде ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Кентау қаласы әкімі аппаратының әкімшілік және ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің мамандары қатысты.

Қоғамдық бақылау барысында мемлекеттік қызмет алушыларға жасалған жағдайларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастырылуы, тұрғындарды қабылдау жұмысының ұйымдастырылуы, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының болуы тексерілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде азаматтарға қажетті ақпаратты уақтылы ұсыну, өтініштерді белгіленген тәртіппен қарау және қызмет алушылардың уақытын тиімді пайдалану мәселелері де бақылау назарында болды. Тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы мемлекеттік органдар жұмысының маңызды көрсеткіштерінің бірі екені атап өтілді.

Бақылау барысында қызмет алушылардың сұраныстары мен қажеттіліктеріне назар аудару, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде артық әуре-сарсаңға жол бермеу және азаматтарға қажетті жағдай жасау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мамандарға клиентке бағдарлану қағидатын басшылыққа алып, әрбір қызмет алушының өтінішіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және халықпен кері байланысты нығайту бағытындағы жұмыстар Кентау қаласында жүйелі түрде жалғасын табуда. Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу барысында қолайлы жағдайға ие болуы, қажетті ақпаратқа еркін қол жеткізуі және өтініштерінің сапалы қаралуы тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Қоғамдық бақылау жұмыстары мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердегі қызмет көрсету сапасын зерделеуге, анықталған мәселелерге назар аударуға және оларды одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді. Осы бағыттағы бақылау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Кентау қаласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *