КЕНТАУДА «ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР – СПОРТПЕН БІРГЕ» АТТЫ ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Кентау қаласында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бұқаралық спортты дамытуға және есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтуге бағытталған «Есірткісіз өмір – спортпен бірге» атты футбол жарысы өтті.

Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен спорттық іс-шара қаладағы «Динамо» стадионында ұйымдастырылды. Жарыстың негізгі мақсаты – жастар арасында нашақорлық пен есірткі бизнесінің заңсыз айналымының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортпен тұрақты айналысуға ынталандыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Жарысқа Кентау қаласы бойынша 12 команда қатысып, өзара тартысты ойын көрсетті. Алаңға шыққан жас спортшылар өздерінің жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдығын және жеңіске деген жігерін танытты. Командалар арасындағы бәсеке тартысты өтіп, көрермендерге қызықты ойындар ұсынылды.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Кентау политехникалық колледжі» командасы иеленді. Екінші орын «Жасұлан» командасына бұйырса, үшінші орын «Байылдыр» командасына берілді.

Жеңімпаз командаларға қаржылай сыйлықтар, дипломдар, медальдар және кубоктар табысталды. Сонымен қатар, жарыс барысында ерекше көзге түскен ойыншылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.

Іс-шара барысында жастарға спортпен тұрақты айналысудың маңызы, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және зиянды әдеттерден аулақ болудың қажеттілігі түсіндірілді. Спорттық жарыс жастардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, командалық жұмыс пен жауапкершілік қасиеттерін дамытуға мүмкіндік берді.

Мұндай спорттық іс-шаралар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар, жастар арасында есірткінің зияны туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге және есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.

Кентау қаласында жастардың спортпен айналысуына жағдай жасау, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *