«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған 2025–2026 оқу жылына арналған ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасының қорытынды рейтингі жарияланды.
Республика бойынша 125 мыңнан астам оқушы қатысқан төрт кезеңді білім додасының нәтижесінде Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылындағы Махмұд Қашғари атындағы мектеп-лицейі жоғары нәтиже көрсетіп, республика бойынша І орынға ие болды. Осылайша білім ордасы «Ең үздік ауыл мектебі» атанды.
Мектептің бұл жетістігі білім алушылардың оқу үлгерімімен қатар, ұстаздар ұжымының жүйелі еңбегінің нәтижесі саналады. Педагогтердің кәсіби шеберлігі, оқушылардың білімге деген қызығушылығы және олимпиадаға дайындық жұмыстары жоғары көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасы білім алушылардың пәндік білімін саралап, дарынды оқушыларды анықтауға және олардың зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды білім жобаларының бірі. Олимпиада бірнеше кезең бойынша өткізіліп, оған еліміздің әр өңірінен ауыл мектептерінің оқушылары қатысты.
125 мыңнан астам оқушы бақ сынаған ауқымды білім додасында Қарнақ ауылындағы Махмұд Қашғари атындағы мектеп-лицейінің республика көлемінде жоғары нәтиже көрсетуі мектеп ұжымының білім беру саласындағы еңбегін айқындайды.
Мектептің жеңісі ауылдық жерлердегі білім сапасын арттыруға, оқушылардың білім алуға деген ынтасын күшейтуге және олардың республикалық деңгейдегі білім додаларына белсенді қатысуына мүмкіндік беретін жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.
Махмұд Қашғари атындағы мектеп-лицейінің жетістігі Кентау қаласының білім саласындағы әлеуетінің жоғары екенін көрсетіп, білім сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесін танытты.
Республикалық олимпиададағы І орын мектеп ұжымына жаңа оқу жетістіктеріне ұмтылуға серпін беріп, оқушылардың ғылыми-білімдік бағыттағы ізденістерін одан әрі дамытуға жол ашады.