Арыстық жас құсбегі Махмұтхан Заки «Шығыс салбурын – 2026» І Азия кубогінде топ жарып, жеңімпаз атанды. Ол Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының Бозанбай ауылында өткен халықаралық мәдени-этноспорттық фестивальде жоғары нәтиже көрсетті.
10 МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰСБЕГІЛЕРІ ҚАТЫСТЫ
Екі күнге созылған фестивальге 10 мемлекеттің құсбегілері жиналып, ұлттық спорт пен саятшылық өнерінің үздік үлгілерін көрсетті. Шара аясында асау үйрету, қыран құстарды баптау және аңға салу өнері дәріптелді.
ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНГЕН ЖАС САЯТШЫ
«Арыс» спорт клубының саятшылық бөлімінің жаттықтырушысы, белгілі құсбегі Мәди Қалходжаевтың шәкірті Махмұтхан Заки «Текелі» лақап атымен танылған қаршығасымен өнер көрсетіп, қарсыластарынан озып шықты. Нәтижесінде І Азия кубогінің алтын жүлдесін иеленді.
Жас құсбегінің бұл жетістігі ұлттық өнерді насихаттап, дәстүрлі саятшылықты дамыту жолындағы маңызды нәтиже болды.
Махмұтхан Закиді жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз!
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі